locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Садриддин Ахмедов рингке желтоқсанда шығады: АҚШ-тағы жеңісінен кейінгі жаңа жекпе-жек

Фото: IG Садриддин Ахмедов

Жеңіліс дәмін әлі татпаған бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) АҚШ-тағы сәтті дебютінен кейін рингке оралу жоспарын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметіне сәйкес, Ахмедовтың келесі жекпе-жегі 13 желтоқсанда Санта-Инезде (Калифорния, АҚШ) өтеді. Қарсыласы әлі белгісіз.

Кездесу көп жылдар бойы қазақстандық Геннадий Головкинмен жұмыс істеген танымал промоутер Том Леффлердің ұйымдастыруымен өтетін 360 Promotions шоуы аясында болады.

Еске сала кетейік, 31 тамызда Ахмедов Санта-Инезде рингке шығып, бірінші раундта америкалық Антонио Тоддты (17-11, 9 КО) нокаутқа жіберген болатын. Бұл жекпе-жек қазақстандық боксшының 2022 жылдың желтоқсан айынан бері бірінші кездесуі және АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегі болды.