Сабырхан, Нұрлан Сапарбай және Қызайбай Қазақстан чемпионы атанды
Бокс
Кеше 02:30
Богдан Писаренко
sports24 сарапшы
Twitter. Төрехан Сабырхан
Ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатында финалдық жекпе-жектер өтпей жатып-ақ үш чемпион анықталды.
Қазақстан Бокс Федерациясының хабарлауынша, ерлер арасында 67 келі салмақ дәрежесінде чемпион Төрехан Сабырхан атанды. Оның финалдағы қарсыласы Санатәлі Төлтаев денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
Сол сияқты, ерлер арасында 92+ келі салмақта да финал өткізілмейді. Бұл салмақта рингте екі туған бауыр – Нұрлан және Данияр Сапарбай кездесуі тиіс болған. Чемпиондық атақ Нұрлан Сапарбайға бұйырды.
Әйелдер арасында 48 келі салмақта да қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты Назым Қызайбай Қазақстан чемпионы атанды.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 06:40
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:27
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34