locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Руслан Мадиев рингке оралады: 21 қыркүйек күні тайландтық боксшымен жекпе-жек өткізеді

Руслан Мадиев рингке оралады: 21 қыркүйек күні тайландтық боксшымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев 2023 жылы мансабын аяқтағаны туралы хабарлағаннанк кейін рингке қайта оралады. Оның жекпе-жегі 21 қыркүйек күні Алматыда өтетін бокс кешінде болады.

Мадиевтің қарсыласы тайландтық боксшы Киттисак Клинсон болады. Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтеді және 10 раундқа жоспарланған. Клинсон 8:1, 5 КО рекордына ие.

Мадиев 2023 жылы наурызда мексикалық Хуан Хименесті нокаутпен жеңгеннен кейін рингке шықпады. Киттисак Клинсон соңғы жекпе-жегін 2024 жылы мамырда Мин Нуоға қарсы өткізді. Төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді