"Рингте кездескенше". Логан Пол Лионель Мессиді жекпе-жекке шақырды


Америкалық блогер әрі рестлер Логан Пол “Интер Майами” клубында ойнайтын аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Лионель Мессиді жекпе-жекке шақырды.
Жанжалға спорттық сусындар себеп болды. Өткен жылы аргентиналық Mas+ амбассадоры аталды, ол Полдың Prime өніміне тікелей бәсекелес болыр табылады. 2024 жылдың қазан айында Mas+ Prime-ды бәсекелестікке қарсы әрекеті үшін сотқа беріп, оларды бәсекелестерге қысым жасады деп айыптады.
“Бауырым, сен бізді көшіріп алдың. Барлығы көріп отыр. Олар сенің не істегеніңді көрді. Оның үстіне бізді сотқа берді. Тоқта, тоқта, не? Бұл әділдік емес. Әзілдерді былай қойғанда, 2025 жылы “Логан Пол Мессиге қарсы” деген жекпе-жек болса, мен соттан бас тартамын. Рингте кездескенше”, – деді Пол әлеуметтік желіде.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30