«Рингке қайта оралуы мүмкін». Бибосынов Қоңқабаев пен Шымбергеновтің камбэгін жоққа шығармады
Бокс
14 мау 2025
16:08

Аружан Темірбек
Редактор

ФОТО: KBF
2021 жылғы әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Қазақстан құрамасының бұрынғы көшбасшылары – Қамшыбек Қоңқабаев пен Асланбек Шымбергеновтің рингке оралу ықтималдығы жайлы пікір білдірді.
Бибосынов бұл боксшылармен әлі де байланыста екенін айтып, олардың спортқа қайта оралуы әбден мүмкін екенін жеткізді:
«Қазір олар отбасыға көңіл бөліп, жаттығуларын жалғастырып жүрген болар. Ең бастысы – ешқайсысы мансабын ресми түрде аяқтағанын айтқан жоқ. Демек, рингке қайта оралуы мүмкін»,- деді Сәкен «Спорт Министрі» YouTube арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов Асланбек Шымбергеновтің қайта үлкен спортқа оралуға дайындалып жатқанын мәлімдеген еді.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек