Ресей Қазақстанның IBA құрамында қалатынына сенімді
Ресей бокс федерациясының жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы Эдуард Кравцов Қазақстанда енді екі бокс ұйымы болатынын айтты, бірақ, спортшылар мен жаттықтырушылар Қазақстаннан IBA-мен бірге алға жылжуды қалайды деп мәлімдеді.
Геннадий Головкиннің бұл мәселеге қатысты ұстанымын біз бірнеше рет естідік. Бұл оның жеке шаруасы. Қазіргі уақытта ол әлі де үздік боксшы болып қала береді, бірақ басшы ретінде әлі де үйреніп жүр, алғашқы қадамдарын жасауда. Ол қадамдар дұрыс па, жоқ па — оны уақыт көрсетеді.
Менің ойымша, Қазақстан IBA-да қалуды жалғастырады, бірақ бұл негізгі мәселе емес… Меніңше, Қазақстанда World Boxing құрамына кіретін балама ұйым құрылады. Немесе керісінше — егер негізгі федерация Головкин басқаратын Қазақстан ҰОК-ның қысымымен сол жаққа өтетін болса, IBA-да ұсынылатын балама федерация құрылады. Ал боксшылар мен жаттықтырушыларға келсек, олардың пікірін сұрай қояды деп ойламаймын.
Мен бұл процестің ішінде жүрген адамдармен сөйлестім — боксшылар мен жаттықтырушылардың пікірі біржақты: олар IBA-да, оның бағдарламаларына қатысуды жалғастырып, өздерін және отбасыларын қамтамасыз етуді қалайды, — деді Кравцов "Матч ТВ"-ге.
Еске салайық, Қазақстан бокс құрамасы World Boxing жаңа бокс ұйымына қосылатынын хабарлаған болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52