locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Райан Гарсия Дана Уайттың жаңа лигасы жайлы: “Егер онда төлем UFC-дегі сияқты болса, бізге бұл ұнамайды деп ойлаймын”

Бокс 12 нау 2025 08:18
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Райан Гарсия Дана Уайттың жаңа лигасы жайлы: “Егер онда төлем UFC-дегі сияқты болса, бізге бұл ұнамайды деп ойлаймын”
ФОТО: Getty images

Америкалық нокаутшы Райан Гарсия Дана Уайт пен Турки Әл-Шейхтің жаңа бокс лигасы туралы пікір білдірді. Еске салсақ, олар жақында жаңа промоушен құрғанын жариялады, оның құрылымы UFC-ге ұқсас болады және кәсіби бокстың дәстүрлі жүйесіне өзгерістер енгізеді.

Бұл идея көпшіліктің назарын аударды, ал Гарсия бұл жаңашылдыққа әзілмен жауап берді.

“Егер онда төлем UFC-дегі сияқты болса, бізге бұл ұнамайды деп ойлаймын (күледі). Иә, бізге бұл ұнамауы мүмкін. Жалпы, Дана енді бокс саласына араласқанына қуаныштымын. Уайт – керемет адам, және мен оның Туркимен бірге үлкен бірдеңе жоспарлап жатқанына сенімдімін”.

Айта кетейік, UFC-дің төлем жүйесі бұған дейін жиі сынға ұшыраған, өйткені аралас жекпе-жек шеберлері кәсіби боксшылармен салыстырғанда аз табыс табады. Сондықтан Гарсия жаңа лиганың болашағы тікелей жауынгерлерге ұсынылатын қаржы жағдайына байланысты болатынын меңзеді.

Бокс әлемі Дана Уайттың жаңа лигасын талқылап жатқанда, Гарсия мансабындағы маңызды қадамға дайындалуда. Ол мамыр айында жартылай орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, ал қарсыласы – бұрынғы әлем чемпионы Роландо Ромеро.

Ең қызығы, екі боксшы да бұл салмақта бұрын өнер көрсетпегеніне қарамастан, жекпе-жекте WBA Regular белбеуі сарапқа салынады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie