locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рахмонов UFC чемпионымен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Фото: X (twitter)

Ислам Махачевтың (26-1) бапкері Хавьер Мендес өзінің шәкіртімен қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) арасындағы кездесудің өтуі жайлы

"Ислам Шавкатпен жұдырақтасама? Егер UFC ұсынса әрине. Бұда ешқандай мәселе жоқ. Егер UFC онымен жұдырықтасу керек десе Ислам бірден иә дейді.

Барлығын Ислам шешеді. Алайда, ол Белал Мухаммадпен жекпе-жекке қарсы. Олар бір кешенде көп рет жаттығу жасады, сондықтан бұл жекпе-жек орын алмайды" - деді Мендес СЭ порталына берген сұхбатында.

Махечев жеңіл салмақта екі жыл қатарынан чемпиондық титулды ұстап келуде. Осыдан алдын файтер жартылай салмақ дәрежесіне көтеріліп, екінші титулдық жекпе-жекке дайын екенін жеткізді.

Рахмонов жартылай салмақ дәрежесінде үшінші орында. Бұл дивизионда чемпион - Белал Мухаммад.