locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Олимпиада финалында Елеусіновтен жеңілген өзбек боксшысы әлемдік аренада табысқа жетті

Фото: НОК

2016 жылы Рио Олимпиадасында алтынды сарапқа салған жекпе-жекте өзбекстандық Шахрам Гиясов пен қазақстандық Данияр Елеусінов кездесті. Төрешілер бірауыздан Елеусіновке 3:0 есебімен жеңіс берді, ол Олимпиада алтынына қол жеткізді.

Сегіз жылда не өзгерді? Дүниежүзілік бокс ұйымының қыркүйек айындағы соңғы рейтингінде 31 жастағы өзбекстандық Шахрам Гиясов 69 келіге дейінгі салмақта бірінші орын алса, Данияр Елеусінов бұл тізімде жоқ.

Әлемдік рейтингтің бірінші орны ресми титул үшін күресуге тікелей немесе басты үміткер болуға мүмкіндік береді.

Данияр Елеусінов әуесқой бокстағы мансабын аяқтап, қазір кәсіпқой деңгейде өнер көрсетеді.