Олимпиада чемпионы Иман Хелиф Трамптың халыққа жолдаған сайлауалды бейнеролигінде көрсетілді
Боксшы Иман Халиф президенттік сайлау қарсаңында Дональд Трамптың соңғы үгіт-насихат бейнероликтерінің бірінде пайда болды. Дауыс беру аяқталуға бірнеше күн қалғанда, бұрынғы президент америкалықтарға үндеу жасап, қазіргі әкімшілікті сынға алды. Байден мен Харриске бағытталған бұл шабуылда жазда Олимпиада ойындарында қызу талқылаудың ортасында қалған Халиф те еске алынды.
Алжирлік боксшы қыз өткен Әлем чемпионатында гендерлік сәйкестілік бойынша тесттен өтпегендіктен жарыстан шеттетілгеніне қарамастан, әйелдер арасындағы жартылай орта салмақта алтын медальды даулы жағдайда жеңіп алды.
Бейнероликте Трамп штабы “Бізге қымбат болғанның бәрі Байден мен Харрис әкімшілігінің тұсында құлады” деп мәлімдеп, Олимпиададағы Халифтің көтерілген қолын көрсетеді. Одан кейін диктор: “Ерлер әйелдерді ұрып, медаль жеңіп алуда” деп сөз қосады.
WHEN WE GET KNOCKED DOWN, WE DON’T STAY DOWN—WE GET UP AGAIN…
FIGHT!
FIGHT!!
FIGHT!!!https://t.co/czQRkZmYUH pic.twitter.com/yEXLPcsoYu— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) November 3, 2024
Бұған дейін Трамп Олимпиада ойындарында Әйелдер боксына қатысуына байланысты туындаған даулар аясында Халифті сынға алған болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52