locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бокстан Қазақстан резервтік құрамасын жаттықтырады

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бокстан Қазақстан резервтік құрамасын жаттықтырады
ФОТО: KBF

Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев елдегі бокс федерациясында жаңа қызметке тағайындалды.

Бұған дейін Вьетнам құрамасын жаттықтырған маман енді елдің екінші құрамасын басқарады. Бұл туралы Сәрсекбаев “Спорт Плюс” телеарнасына берген сұқбатында айтты.

Бапкердің айтуынша, жақын арада ол 18 бен 22 жас аралығындағы жігіттер мен қыздардан тұратын эксперименталды құрама жасақтауды жоспарлап отыр. Жобаның негізгі мақсаты — ұлттық құрамаға резерв дайындау.

“Бұл бағытта арнайы жоспарым бар. Қай бағытта жұмыс істейтінімізді уақыт көрсетер”, — деді Сәрсекбаев.

Бұған дейін Сәрсекбаев елдің резервтік құрамасын жаттықтырған болатын. Оның шәкірттерінің бірі Тұрсынбай Құлахмет әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Кейін Сәрсекбаев біраз уақыт жұмыссыз қалып, Ханой құрамасын жаттықтыруды бастаған.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie