Octagon 63. Еркебұлан Тоқтар Алматыдағы турнирде қарсыласын 8 секундта нокаутқа жіберді
Қазақстандық актер және жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар Алматыда өткен Octagon 63 турнирінде үнді файтері Кушал Виясты найзағайдай жылдам жеңіспен тізе бүктірді.
Жекпе-жек 1-раундтың сегізінші секундында аяқталды. Еркебұлан қарсыласының басына "екілік" соққы жасап, оны партерде жылдам аяқтап тастады. Төреші жекпе-жекті тоқтатудан басқа амалы қалмады.
Бұл Еркебұлан Тоқтардың кәсіби ММА-дағы сегізінші жеңісі, сондай-ақ қазақстандық спортшының мансабында үш жеңілісі бар. Кушал "Маньяк" Вияс қатарынан 12-ші жекпе-жекте жеңілді. Үнді файтерінің рекорды 11 жеңіс пен 17 жеңілістен тұрады.
Айта кетейік, бұған дейін бірінші раундта Сүндет Айтқұл иран файтерін партерде соққыға жығып жеңіске жеткен болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52