locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Нұрсұлтан Алтынбек бокстан әлем кубогында медальді қамтамасыз етті

Нұрсұлтан Алтынбек бокстан әлем кубогында медальді қамтамасыз етті
ФОТО: olympic.kz

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен әуесқой бокстан әлем кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Турнирде Қазақстан атынан бірнеше боксшы бақ сынауда. Солардың бірі Нұрсұлтан Алтынбек жүлделі орынға кепілдік берді.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алтынбек ширек финалда француз Билал Беналимен кездесіп, қарсыласын екінші раундта нокдаунға түсірді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Осылайша, Нұрсұлтан кем дегенде қола жүлдеге ие болды.

Өкінішке қарай, тағы бір қазақстандық боксшы Алмат Абдуәлі жарыстағы жолын аяқтады. 60–65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол 1/8 финалда бразилиялық Юри Рейспен жұдырықтасып, 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie