locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Назым Қызайбай сыйға берілген көліктерін сатуда: шығындар тым көп болып кетті

Назым Қызайбай сыйға берілген көліктерін сатуда: шығындар тым көп болып кетті

2024 жылы Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай өзіне сыйланған көліктерді сатуда.

Белгілі боксшының жазылушылары оның Instagram парақшасынан көліктерді сату туралы хабарландыруларды байқапты. Демеушілер спортшыны қола медалімен құттықтап, үш көлік сыйлаған болатын. Қызайбай солардың екеуін – Zeekr мен Mini Cooper-ді сатуға шешім қабылдады.

Оның айтуынша, бұл қадамға қаржылай қажеттіліктен барған, себебі үш көлікті ұстау оған ауырлық түсіреді.

Еске сала кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында медаль жеңіп алған Қазақстанның жалғыз азаматшасы, былғары шебер қола жүлдегері атанған болатын.