locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Назым Қызайбай Олимпиададағы жетістігі үшін тағы бір бағалы сыйлыққа ие болды

ФОТО:  IG Алматы БОКС

Бокстан Әлем чемпионы және тамыз айының басында Париждегі Олимпиадада қола медаль жеңіп алған Назым Қызайбай сол жетістігі үшін әлі де бағалы сыйлықтар алып келеді.

Жақында Алматы бокс федерациясы спортшыға құны 18,5 миллион теңгеден басталатын Li-6 маркалы жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Салтанатты рәсімді федерацияның вице-президенті Қайрат Дүйсенов өткізді.

Бұған дейін демеушілер Назымға үш автокөлік сыйлаған болатын, бірақ боксшы қыз олардың екеуін сатуға шығарды. Спортшының жаттықтырушысы да қаржылай марапатқа ие болды.