locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан Қазақстан чемпионатының үздік боксшылары атанды

Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан Қазақстан чемпионатының үздік боксшылары атанды
ФОТО: KBF

Қазақстан чемпионатында ең үздік боксшы атағын Төрехан Сабырхан (67 кг) мен Назым Қызайбай (48 кг) иеленді.

Еске сала кетейік, Назым Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Қызылорда облысының өкілі Ақбота Болатпен кездесуі керек болатын. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты шешуші жекпе-жектен бас тартты. Осылайша, Назым республикалық турнирдің жеңімпазы атанды. Айта кетейік, Қызайбай – Қазақстан әйелдер құрамасының тарихындағы ең жүлде спортшы.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпионаттың финалында Төрехан Сабырхан Санатәлі Төлтаевпен кездесу керек еді. Алайда Төлтаев жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты, ал 18 жастағы Төрехан чемпион деп танылды.

18 жасында Төрехан Сабырхан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында төрт рет жеңіске жеткен тұңғыш боксшы ретінде тарихқа енді.

Қазақстанның үздік боксшылары: Қарағандыда өткен чемпионаттың қорытындысы.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie