locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Назым Қызайбай капитан ретінде қазақ еліне алғашқы үндеуін жасады

ФОТО: IG Назым Кызайбай
Назым Қызайбай капитан ретінде қазақ еліне алғашқы үндеуін жасады

14 қазан күні Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қазақстан халқына үндеу жасады.

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны атанған Қызайбай Instagram парақшасында осы мәртебедегі алғашқы үндеуін жариялады. Спортшы үшін команда капитаны болу — үлкен құрмет екенін атап өтті.

“Капитан сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де команданың көшбасшысы болуы керек. Біз үшін ең маңыздысы - жаттықтырушыларымыз айтқан нұсқауларын орындау, жақсы дайындалу және тәртіпті сақтау. Менің ойымша, біздің командадағы әрбір қыз өзінің алға қойған мақсаты айқын, құрамада не үшін жүргенін біледі. Елімізді халықаралық жарыстарда абыроймен қорғап, көк байрағымызды әлі талай көкке көтереміз”.

Жоспарларға келер болсақ, қазіргі уақытта боксшылар Азия чемпионатына дайындалуда. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie