Назым Қызайбай чемпионаттағы мерзімінен бұрынғы жеңісінің сырымен бөлісті
Бокс
Бүгін 03:04
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай бокстан Қазақстан чемпионатындағы жеңісімен ой бөлісті, деп хабарлайды SPORT+.
"Мен өте қуаныштымын, бүгін Қазақстан чемпионы атағын 14-рет жеңіп алдым. Бұл салмақта өзімді сенімді әрі жайлы сезінемін, сондай-ақ екі мәрте әлем чемпионы болдым. Ал финалдық кездесуге келер болсақ, қарсыласым Ақбота ауыр гематомасына байланысты шаршы алаңға шыға алмады, дәрігерлер оған рұқсат берген жоқ", – деді Қызайбай.
Айта кетейік, жартылай финалдық кездесуде Назым, Жетісу облысының өкілі Әнел Құдайбергенмен жұдырықтасты.
Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан Қазақстан чемпионатының үздік боксшылары атанды.
Танымал жаңалықтар
Баскетбол
Бүгін 09:30