locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Назым Қызайбай бокстан өз атын Қазақстан тарихына жазғысы келеді

Назым Қызайбай бокстан өз атын Қазақстан тарихына жазғысы келеді

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай өзінің болашаққа жоспарымен бөлісті. Спортшы Олимпиададағы қола жүлдемен тоқтап қалғысы келмейді.

"Әлемнің үш дүркін чемпионы болып, тарихқа енгім келеді. Біздің бокста әлі үш дүркін әлем чемпионы жоқ, екі дүркін чемпион атанған тек мен және Серік Сапиев. Одан бөлек, мен Парижде жалғыз олимпиадама чемпион болғым келген арманым болды, өкінішке орай бұл арман орындалмады", - деді Қызайбай.

Естеріңізге сала кетссек Назым Қызайбай бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Боксшы жартылай финалда қытайлық спортшыдан жеңілді. Айта кетсек, Париждегі олимпиададағы қола жүлде Назым үшін бірінші емес. Осыдан алдын Қызайбай 2012 жылы өткен олимпиадада қола алған, одан кейін Назым 2014 және 2016 жылы әлем чемпионатта алтын жүлде жеңген. Барлық жарыстарда боксшы 50 келі салмақта өнер көрсеткен. Бұл ең жеңіл салмақ.