locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

NAIZA 67 Алматыға оралады

NAIZA 67 Алматыға оралады

NAIZA 67 турнирі қайтадан Алматыда өтеді! Кездесу 22 қыркүйек күні Балуан Шолақ атындағы аренада өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде көрермендер Жасұлан Әкімжан (11-3, 7КО/ТКО, 2 SUB) және Джейсон Поне (24-17-1, 7КО/ТКО, 5 SUB) арасындағы жекпе-жекті тамашалай алады. Олардың NAIZA 55 турниріндегі кездесуінде француздық файтер жеңіске жетті, енді Әкімжан кек алуға тырысады.

Турнирдің кестесінде титулдық бой болады деп күтілуде. Кіші салмақтың экс-чемпионы "Флэш" Сағын (5-0, 2КО/ТКО, 2 SUB) аса жеңіл салмақ дәрежесіне өтіп, Мурилио "Шакал" да Силвамен (13-3-1, 8 КО/ТКО) кездеседі.