locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Михайлович Жәнібекпен жекпе-жек алдында оның намысына тиетін мәлімдеме жасады

ФОТО:  Getty images
Михайлович Жәнібекпен жекпе-жек алдында оның намысына тиетін мәлімдеме жасады

Жаңа Зеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайлович қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен алдағы жекпе-жек туралы пікір білдірді.

“Вегаста ол үлкен қателік жіберді. Бұл кәсіпқой адамдарға жатпайтын қылық . Жұма күні кеште менің жеңісімнің күні болады. Ол салмақ қуу барысында қиындыққа ұшырап, Вегас көп адамды жерге қаратты. Ол кеш менің жеңісім болуы керек еді. Бірақ бұл – өткеннің ісі, алға жылжудың уақыты келді. Мен оған не айта аламын? Мен сені өлтіремін,”, — деді Михайлович баспасөз конференциясында.

4 қазан күні Сиднейде Әлімханұлы (15-0, 10 КО) орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғау үшін IBF-тің үміткері Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жекке шығады. Әлімханұлы мен Михайлович 14 шілде күні Лас-Вегаста кездесуі тиіс еді, алайда 12 шілде күні қазақстандық боксшы салмақ қуу процесі кезінде болған сусыздану себебінен ауруханаға жатқызылған болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie