locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Мен күтпеген жағдай орын алды». Нгамиссенге Әлімханұлына қарсы жекпе-жектің есте қаларлық болатынына уәде берді

Бокс 27 нау 2025 17:31
Тимур Салимов
Тимур Салимов
Редактор
«Мен күтпеген жағдай орын алды». Нгамиссенге Әлімханұлына қарсы жекпе-жектің есте қаларлық болатынына уәде берді
ФОТО: Top Rank

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекке шығатын француздың жеңіліп көрмеген боксшысы Анауэль Нгамиссенге алдағы айқас туралы пікір білдірді.

«Мен күтпеген жағдай орын алды. Қарсылас табу қиынға соқты. Промоутерім үлкен жекпе-жектер үшін жұмыс істеді. Уақыт жоғалтқым келмеді, сондықтан маған үлкен айқастар керек болды. Әлем чемпионы атағы үшін айқасу мүмкіндігі туатынын ойламадым.

Әлімханұлымен жекпе-жекке қатысты келіссөздер туралы айтсам, промоутерім маған үлкен айқас ұйымдастыру үшін әріптестерімен жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Барлық егжей-тегжейін білмеймін. Ол жай ғана ұсыныс бар екенін айтты. Жекпе-жекке арналған келісімшартты алған кезде: «Жарайды. Енді ең қызығы басталады»,– дедім. Құжатқа қол қойып, қайта жібердім. Ал жекпе-жек ресми түрде жарияланған кезде: «Иә, бұл шынымен де маңызды іс» дедім.

Рингте бәрі болуы мүмкін. Бұл мен үшін үлкен сынақ екенін түсінемін, сондықтан өмірімдегі ең маңызды жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Көпшілігі Нгамиссенге дегеннің кім екенін білмейді, бірақ 5 сәуірде бәрі білетін болады. Сол күнді асыға күтіп жүрмін. Мен фаворит емеспін, бірақ бокста рингте не боларын ешкім болжай алмайды.

Биылғы дайындық мүлде бөлек. Бұл жай ғана айқас емес - бұл чемпиондық жекпе-жек. Біз бәрін өзгерттік. Дайындықты екі есе арттырдық. Біз басқа деңгейге өттік. Тренингтер әлдеқайда қарқынды, бойымда еш күмән қалмайтындай етіп жаттығып жатырмыз. Мұндай дайындық бұрын-соңды болмаған»,- деді француз боксшысы Hunter Talk YouTube арнасына берген сұқбатында.

Жәнібек Әлімханұлы да бұл жекпе-жекке тыңғылықты дайындалып жатыр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie