Мейвезер қаржылық дағдарыс жайлы қауесеттерге жауап берді


Танымал америкалық боксшы Флойд Мейвезер өзіне қатысты қаржылық қиындықтар жайлы тараған қауесеттерге пікір білдірді. БАҚ-та шыққан банкрот болу жайлы мәліметтерге ол ирониямен жауап қайырды:
«Егер банкрот дегеніміз – екі жеке ұшақ, жүздеген жылжымайтын мүлік және мен сияқты өмір сүру болса, онда мен банкротпын», – деді ол.
Мейвезер ешкімге өз атын қаралауға жол бермейтінін айтты:
«Мен барлық дәулетімді адал еңбектің арқасында жинадым. Бокс мансабым аяқталған соң не болатынын әрдайым ойлап жүрдім. Қазір де табыс тауып отырмын, әсіресе жылжымайтын мүлік саласында».
Sportico деректері бойынша, Мейвезердің байлығы 1,15 миллиард долларға бағаланады. Бұл көрсеткіш оны бокстағы ең бай спортшыға айналдырады.
Әйгілі боксшы, әлем чемпионы Александр Бахтиннің ұлы ауыр жол апатына түсті.

Футбол
Бүгін 17:58


Футбол
Бүгін 17:16