Мейірім Нұрсұлтанов Жәнібек Әлімханұлымен болуы мүмкін жекпе-жек туралы: Неге өткізбеске?


Орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлымен титулдарын біріктіру жекпе-жегін өткізгісі келетінін мәлімдеген еді. Осыған байланысты WBC рейтингінің көшін бастап тұрған қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) өз пікірін білдірді.
«Кез келген кәсіби боксшының арманы – абсолютті әлем чемпионы болу. Мен де сол арманнан алыс емеспін. Егер Жәнібекпен жолымыз тоғысса – неге өткізбеске? Естігенімше, Жәнібек те қарсы емес. Бірақ алдымен мен өз белбеуімді жеңіп алуым керек», – деді Нұрсұлтанов.
Адамес BoxingScene порталына берген сұқбатында келесі қарсыласы ретінде Жәнібек Әлімханұлын көргісі келетінін айтқан болатын. Оның айтуынша, қазақстандық мықты боксшы болғанымен, оны жеңетін деңгейде емес. Сонымен қатар, ол өзін жиі төмен бағалайтындар тек мотивация беретініне сенімді екенін жеткізді.
WBC Адамеске Мейірім Нұрсұлтановпен міндетті жекпе-жек өткізуге бұйрық берді. Тараптар 6 мамырға дейін келісімге келуі тиіс. Егер келісімге қол жеткізілмесе, ұйым промоутерлік сауда ұйымдастырады.

Футбол
Бүгін 06:03
