locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Мейірім Нұрсұлтанов WBC титулы үшін Карлос Адамеспен жекпе-жекке шығуы мүмкін

ФОТО:  Getty images

WBC рейтингінде екінші орынды иеленіп тұрған Мейірім Нұрсұлтанов жақын арада Жәнібек Әлімханұлы қалаған қарсылас, яғни мен Карлос Адамеспен кездесу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін.

Бұл ықтимал жекпе-жек туралы ақпаратты Batman Boxing инсайдерлік аккаунты X желісінде хабарлады. Карлос Адамес өз титулын белгіленген үміткерге қарсы қорғауы тиіс. Қазіргі уақытта WBC рейтингінің бірінші орнында Хамза Шираз тұр, алайда британдық спортшы WBO титулы үшін күресуі мүмкін. Осындай жағдайда келесі үміткер болып орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов атанып отыр.

Нұрсұлтановтың жеңіліссіз 20 жеңістен тұратын керемет рекорды бар. Ал Адамес 25 жекпе-жектің 24-ін өз пайдасына аяқтаған.

Еске сала кетейік, жақында Жәнібектің қарсыласы анықталған болатын.