locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Мария Агапова кәсіпқой бокста алғашқы жеңілісіне ұшырады

Мария Агапова кәсіпқой бокста алғашқы жеңілісіне ұшырады
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық фрайтер және UFC-дегі алғашқы қазақстандық әйел спортшы Мария Агапова (0-1-1) кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Бұл жолы ол АҚШ-тың Атлантик-Сити қаласында өткен боксерлік кеште америкалық Стейша Саттлз (2-0, 1 КО) пен кездесті.

Жартылай орта салмақтағы төрт раундтық жекпе-жек барысында Агапова толық өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліс тапты. Осылайша, Агапова кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісін тіркеді.

Еске сала кетейік, 27 қыркүйекте Мария алғашқы бокс жекпе-жегін неміс спортшысы Николь Шеферге (3-0-2, 3 КО) қарсы өткізіп, ол тең нәтижемен аяқталған болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie