Майк Тайсон - Джейк Пол екеуінің арасындағы айырмашылық туралы айтты
Майк Тайсонның Джейк Полмен жекпе-жегіне деген толқу, 58 жастағы боксшы қарсыласына “тітіркендірер” хабарлама жібергеннен кейін күшейе түсті. 1987 жылдан 1990 жылға дейін ауыр салмақтағы әлем чемпионы болып, аңызға айналған боксшы Майк Тайсон жұма күні кешке Техаста Ютуб блогері - Полмен кездеседі.
Пол жекпе - жекті букмекерлік кеңселердің сүйіктісі ретінде бастайды - оның басты себебі 27 жасындағы блогер қарсыласынан отыз жас кіші болғандықтан. Ол сондай-ақ бокстағы мансабын бастағаннан бері алғашқы 11 жекпе-жегінің 10 - да жеңіске жетті және де жалғыз жеңілісі, төрешілердің екіжақты шешімі бойынша - Томми Фьюриге қарсы өткен.
Бастапқыда Пол мен Тайсонның кездесуі шілде айына жоспарланған болатын, бірақ жарақат салдарынан жекпе-жекті кейінге қалдыруға тура келді. Тайсон шілде айында жекпе - жекке шыға алмағандықтан, Пол оның орнына UFC бұрынғы жұлдызы Майк Перриді жеңді.
Сол жекпе-жектен кейін Пол Тайсонға хабарлама жіберді:
"Майк, мен сені жақсы көремін. Бірақ қазір бұл менің спортым. Сізбен бірге рингке шығу мен үшін үлкен мәртебе.
"Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Сен аңызсың. Бірақ мен сенің тағыңды аламын, бауырым".
Полдың бұл сөздерді айтқан кадрлары Тайсонға Netflix-те жұма күнгі жекпе-жекті алдын-ала қарау аясында көрсетілді.
Тайсонның бірден реакциясы күлкі мен жымиуы болды.
Алайда содан кейін ол сабырлы түрде жауап қайтарды:
"Джейк екеуміздің арамызда түбегейлі айырмашылық бар".
"Ол жасанды түрде жасалған өлтіруші. Теледидар мен газеттер оны өлтіруші етті. Ол жасанды түрде жасалған. Мен табиғи өлтірушімін. Міне, айырмашылық неде".
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20