locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Махмұд Сабырхан және Айбек Оралбай салмақ дәрежелерін өзгертті

Махмұд Сабырхан және Айбек Оралбай салмақ дәрежелерін өзгертті
ФОТО: ҚБФ

Амманда өтетін бокстан Азия чемпионаты қарсаңында белгілі қазақ боксшылары салмақ дәрежелерін өзгертуге бел буды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.

«Азия чемпионатына тек мықтылар барады. Турнир қарсаңында бірнеше боксшы салмақ дәрежесін ауыстырады.

48 келіге дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов арасындағы мықтыларға басымдық береміз. 51 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов сынға түседі.

Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта бағын сынап көрмекші. Серік Теміржанов 60 келіге, ал Айбек Оралбай +92 келіге ауысады. Біз Айбекті және Қамшыбекті жіті қадағалайтын боламыз. Қонқабаевтың салмағы күткеннен төмен болып шықса, біз оны 92 келіге дейінгі салмаққа қайтара аламыз», - деді бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, Парижде өткен Олимпиадада Махмұд Сабырхан 57 келіге дейін, ал Айбек Оралбай 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie