locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Махмұд Сабырхан: "Топ жарам деген ой болды, дегенмен кішкене күш жетпегенін жасырмаймын"

Махмұд Сабырхан: "Топ жарам деген ой болды, дегенмен кішкене күш жетпегенін жасырмаймын"
ФОТО: KBF

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан алдағы Азия чемпионатына дайындығы мен салмақ дәрежесіне қатысты жоспарларымен бөлісті.

29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чиангмай қаласында өтетін құрлық біріншілігінде Махмұд Сабырхан 54 кг салмақта ел намысын қорғайды.

"Мен 54 келі салмақта екі әлем чемпионатына қатысқан едім. Бір рет күміс жүлдегер атанып, екіншісінде әлем чемпионы атандым. Қазіргі таңда 54 келі салмақта өзімді әлемдегі бірінші нөмірлі боксшымын деп есептеймін. Олимпиадада 54 келі салмақ дәрежесі болмағандықтан амалдың жоғынан 57 келі салмақта жүрдім. Топ жарам деген ой болды, дегенмен кішкене күш жетпегенін жасырмаймын. Әуесқой бокста жаңадан құрылған ұйым World Boxing –та жаңа салмақ 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетем деген мақсатым бар", - деді боксшы 1bol.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан бұған дейін 1 жыл бойы 57 кг салмақта жұдырықтасып келген.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie