Махмұд Сабырхан құрлық біріншілігіне дайындық туралы: "Дайындық жоғары деңгейде өтті"
Астанадағы Бокс орталығында Қазақстан ұлттық құрамасының ашық жаттығуы аясында, сондай-ақ Куба, Ресей және Греция командаларының бірлескен оқу-жаттығу жиындарына орай БАҚ өкілдеріне арналған Media Day өтті.
2023 жылғы әлем чемпионы, Париж-2024 Олимпиада ойындарының қатысушысы Махмұд Сабырхан журналистерге алдағы құрлықтық біріншілікке ұлттық құраманың дайындығы туралы пікірін білдірді.
“Дайындық жоғары деңгейде өтті: 20 күн Алматыда, әрі қарай 10 күн Астанада әйгілі физикалық дайындық жаттықтырушысы Кристофер Камачо мен біздің бапкерлердің басшылығымен дайындалдық. Барлық жаттығу үдерісі жоспарға сай және үйлесімді өтті,” — деп келтіреді Махмұдтың сөзін Sportarena.
Айта кетейік, бокстан Азия чемпионаты 30 қарашада Чиангмайда басталып, 11 желтоқсанда аяқталады. Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына Геннадий Головкинмен жұмыс істеген белгілі физикалық дайындық маманы Кристофер Камачо да кіреді.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:01