Ұлттық құраманың бас бапкері Төрехан Сабырханның ересектер деңгейіндегі дебюті туралы айтты
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жастар арасында Әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырханның ересектер арасында жарысқа қашан қатысатынын айтты.
“Төрехан Сабырхан жақында ғана жастар арасында әлем чемпионы атанып, “Ең үздік боксшы” номинациясын жеңіп алды. Енді ол 17-24 желтоқсан аралығында Қарағандыда өтетін ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында бақ сынайды. 2006 жылы туған боксшылар халықаралық ережеге сәйкес ересектер арасында жарысқа тек келесі жылдан бастап қатыса алады. Дегенмен біз Черногориядан жүлдемен оралған, спорт шебері атағын алған жас боксшыларға Қарағандыдағы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысуға мүмкіндік бердік”, – деді Қайрат Сәтжанов.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан Черногорияның Будва қаласында өткен әлем чемпионатының финалында кубалық Давид Эспиноса Сантоянды жеңіп, 67 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген болатын.
ММА
Бүгін 08:59