Әлімханұлының жекпе-жегі алдындағы жағдай:Мәдениет және спорт министрлігі наразылық нотасын жолдады
Қазақстандық көрермендер мен жанкүйерлер бірден ескі әнұранның қосылғанын байқап, наразылықтарын білдірді, деп хабарлады ведомство.
"Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен оның менеджері Берік Сұлтан да бұл қателікке жедел назар аударып, ұйымдастырушыларға ескерту жасады. Алайда әнұранды ауыстыру туралы өтініш жауапсыз қалды. Айта кету керек, шараны Жаңа Зеландияның No Limit Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырған, ол Андрей Михайловичтің мүддесін қорғайды”, - делінген министрліктің хабарламасында.
Министрлік бұл жағдайға байланысты ұйымдастырушыларға ресми наразылық нотасын жолдады.
“Бұған дейін Министрлік бокс кешінің ұйымдастырушыларын бірнеше рет Қазақстанның ескі әнұранын пайдаланудың жол берілмейтіні туралы ескерткен болатын, бірақ ескертулер еленбеді”, - деп қосты Мәдениет және спорт министрлігі.
Айта кетейік, бұған дейін ұйымдастырушылар Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдында Қазақстанның әнұранын шатастырған болатын.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20