Әлімханұлының менеджері Шираздың жекпе-жектен бас тартуына пікір білдірді
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас британдық боксшы Хамза Шираздың қазақстандықпен жекпе-жектен бас тартқанына қатысты пікірін білдірді.
18 қараша, дүйсенбі күні, Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) Президенті Густаво Оливьери Шираздың Әлімханұлына қарсы міндетті жекпе-жектен бас тартқанын мәлімдеді. Осыған байланысты бүгінгі промоутерлік сауда-саттық тоқтатылды.
“Бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ, Әлімханұлымен бетпе-бет кездесуге ешкімнің құлқы жоқ сияқты, меніңше, қазіргі кезде адамдар көбірек бизнеспен айналысуды ойлайды, жекпе-жекке шығуды емес”,- деп жазды Климас Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамеспен рингте кездесуі мүмкін.
No surprise here, nobody wants to face @qazaqstyle seems to me people now days more in protection business not in fighting https://t.co/EY4osIerdD
— Egis Klimas (@KlimasBoxing) November 18, 2024
Баскетбол
Бүгін 13:36
Футбол
Бүгін 07:04