Әлімханұлы ма, Бивол ма, әлде басқа біреу ме? Канело Кроуфордпен жекпе-жектен кейін кіммен кездескісі келетінін айтты


Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес жұлдызды америкалық Теренс Кроуфордпен өтетін ықтимал жекпе-жектен кейінгі қалаулы қарсыласын атады. Ол - жартылай ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері, ресейлік Дмитрий Бивол.
«Менің Биволмен реванш өткізуге мүмкіндігім болғанын қалаймын. Бұл - 175 фунтқа дейінгі салмақта мен қабылдайтын жалғыз жекпе-жек. Бірақ, бәрін уақыт көрсетеді. Мен өзіме айтқым келеді: «Бірінші жекпе-жекте сен бірдеңе үйрендің. Қайталауға болмайтын тұстар бар». Іштей бірдеңе мені итермелейді: «Сен оған қарағанда мықтысыңды дәлелдеуге тиіссің», - деді Альварес.
Айта кетейік, 2022 жылдың мамырында өткен жекпе-жекте Бивол Канелоны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Ал қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы да Канеломен жұдырықтасқысы келеді, дегенмен қазіргі уақытта ол басқа қарсыласымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Футбол
Кеше 23:21