locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Әлімханұлы болашақ қарсыластарына ескерту жасады

ФОТО: Жанибек Алимханулы

IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің болашақ қарсыластарын қорқытты. Спортшы өзін орта салмақтағы патша деп атады.

"Орта салмақтағы патша менмін! Егер сен патша атағына міндетті үміткер болсаң, онда сенің шаруаң бітті! Тағы кім үміткер болғысы келеді?", - деп жазды Әлімханұлы Х (Твиттер) әлеуметтік желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, жақында қазақ боксшысы жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті тоғызыншы раундта нокаутқа жіберді. Нәтижесінде Жәнібек IBF титулының иегері болып қала берді.

Сонымен қатар, спортшы жеңіске жеткеннен кейін екі қазіргі әлем чемпионы: америкалық Эрисланди Лара мен доминикандық Карлос Адаместі жекпе-жекке шақырды.