Әли Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің күні белгілі
Америкалық 360 Promotions компаниясы қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың рингке қашан оралатынын жариялады. Бұл туралы Sport.kz жазады.
Ахмедов келесі жекпе-жегін 20 қыркүйекте Дублинде (Ирландия) өтетін бокс кешінде өткізеді. Оның қарсыласы француз Пьер Хуберт Дибомбе (22-1-1, 12 KO) болады.
Ахмедов соңғы жекпе-жегін 23 мамырда Детройтта (АҚШ) өткізді. Әлидің қарсыласы коста-рикалық Энкарансьон Диас болды. Жекпе-жек қазақстандық боксшының екінші раундтағы нокаутпен жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, алдағы жекпе-жек биыл Ахмедов үшін үшінші болады. Қазақстандық боксшының есебінде барлығы 21 жеңіс пен (16 – нокаутпен) бір жеңіліс бар.
Бұған дейін WBA жаңартылған рейтингінде қазақстандық боксшылардың орындары белгілі болған еді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52