locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Кәсіпқой бокста өнер көрсеткен Әбілхан Аманқұл ұлттық құрамаға қайта оралды

ФОТО:  Getty images
Кәсіпқой бокста өнер көрсеткен Әбілхан Аманқұл ұлттық құрамаға қайта оралды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4 KO) ұлттық құрамаға қайта оралды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Боксшы ұзақ уақыттан бері жекпе-жекке шықпағанын айтады. Енді бағын әуесқой бокста қайта сынап көрмек.

- “Кәсіпқой бокста болдым. Бірақ, ол жақта бір жарым жылдай жекпе-жек болмады. Жаттығу жасап жүрдім. Соңғы екі ай демалып, енді міне, ұлттық құрамамен бірге жаттығып жатырмын. Қазақстан чемпионатынан бастасам деген ойым бар”, - деді боксшының өзін.

27 жастағы Аманқұл әлем чемпионатының және Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Әбілхан 2022 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін кәсіпқой бокстан 5 жекпе-жек өткізіп, төртеуін жеңді, біреуінде тең өнер көрсетті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie