locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кроуфорд бапкері Головкинмен жекпе-жек туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: X (witter)

Брайан Макинтайр, екі салмақтағы әлем чемпионы Теренс Кроуфорд бапкері, бұрынғы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өтетін мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

“Кроуфорд бапкерімен сөйлестім. Оның айтуынша GGG-мен өтетін жекпе-жек туралы қауесет шындыққа жанаспайды. Ол жоқ деп қысқа ғана қайырды”, - деп жазады Sports.kz Люк Томастың сөзіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Головкин Кроуфордпен жекпе-жек өткізу бойынша ұсыныс алды деген ақпарат тараған болатын. Жекпе-жек Сауд Арабиясында өтуі мүмкін болған.

Тағы бір инсайдер жекпе-жек өтеді деп мәлімдегенімен, Кроуфорд бапкері ақпаратты жоққа шығарды.