Конор МакГрегор UFC чемпионы әрі Шавкат Рахмоновтың болашақ қарсыласын сынға алды
Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпион Белал Мұхаммадты сынға алды.
"Мен Белалды сол жақ хуктен құлатып, оның тәжін сыпырып алуға қарсы емеспін. Мұны оңай және тез жасар едім! Мен оның бас сүйегін сындырар едім. 29 маусымдағы жекпе-жектің тоқтатылғанына әлі де ашулымын. Бұл жігіттің нокдаундары жоқ, бірақ UFC чемпионы болып тұрғаны мені қатты таңғалдырады. Белал - қазіргі UFC тарихындағы ең нашар жекпе-жек шебері, табысы да нөл», — деп жазды МакГрегор әлеуметтік желіде.
Мұхаммад 2024 жылдың жазында Леон Эдвардсты төрешілер шешімімен жеңіп, UFC чемпионы атанды.
Айта кетейік, UFC ресми түрде Белал Мұхаммад пен қазақстандық Шавкат Рахмонов арасындағы титулдық жекпе-жек 7 желтоқсанда өтетінін хабарлады.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49