locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Конор МакГрегор ММА бойынша ең мықты бес боксшыны атады

ФОТО:  Getty images
Конор МакГрегор ММА бойынша ең мықты бес боксшыны атады

UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор ММА тарихындағы үздік файтерді атады.

“Ең ұлы 5 боксшы? Риксон Грейси, Ройс Грейси, Кен Шемрок, Чак Лидделл... Қанша атадым? Үшеу ме, төртеу ме? Ұлы файтерлер... Бас Руттен. Иә, Бас Руттен. Еуропаның ең үздік өкілі, ММА тарихындағы ең мықты еуропалық. Неткен таңғажайып адам! Ол қазір де керемет формада”, — деді МакГрегор MMA Fighting-ке берген сұхбатында.

МакГрегор UFC-де үш жылдан астам уақыт бойы жекпе-жекке шықпады, ол қатарынан екі рет Дастин Порьеге есе жіберген болатын. Соңғы жекпе-жекте аяғын сындырып алды. Оның октагонға оралуы келесі жылы күтілуде.

МакГрегордың еншісінде 28 жекпе-жек бар, оның 22-сінде жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie