locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

"Қызық емес": Жалолов Дычкомен жекпе-жек жайлы

ФОТО:  Getty images

Бокстан Өзбекстан құрамасының жетекшісі Баходүр Жалолов қазақстандық боксшы Иван Дычкомен жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

“Бізде мұндай жоспар жоқ. Мен қазақ сайттарының бұл кездесу жайлы жариялағанын көрдім, бірақ өзім бұл туралы ешқашан естіген емеспін. Біздің өз жоспарымыз бар, менеджерлеріміз бар. Дычко чемпион емес, мен онымен жекпе-жекке қызықпаймын. Оның өз кәсібі бар, менің де өз жұмыстарым бар. Болашақта чемпиондық жекпе-жекте кездессек, жақсы болар еді”, - деді Джалолов «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, өзбек боксшысы Париж Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Ол финалда бұған дейін қазақ боксшысы Қамшыбек Күнқабаевты турнирден шырып жіберген испаниялықты жеңді. Париждегі Олимпиада Баходүр Жалолов үшін әуесқойлық мансабындағы соңғысы болды. Енді Олимпиада чемпионы кәсіпқой бокста өнер көрсетуге ден қоюды көздеп отыр.