locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қыз зорлады деген күдікке ілінген қазақстандық боксшы айыптаулардан кейін хабарға шықты

Қыз зорлады деген күдікке ілінген қазақстандық боксшы айыптаулардан кейін хабарға шықты

Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінуіне байланысты пікір білдірді:

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!", - дейді Тұраров.

Бүгін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені белгілі болды. Келіп түскен арызға байланысты Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу жұмыстары жүргізілу барысында. Бірақ, күдіктінің аты-жөні аталмады.