Иван Дычко келесі жекпе-жегінің күнін жариялады.
Бокс
06 қара 2024 07:10
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
ФОТО: prosports.kz
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) өзінің келесі жекпе-жегін жыл соңында өткізеді.
Иванның рингке оралуы 27 желтоқсанда Алматыда өтеді. Қарсыласының аты әзірге жарияланбады. Бұл туралы All Stars Boxing промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, Иван Дычконың соңғы жекпе-жегі 21 тамызда Флорида штатының Плант-Сити қаласында өтті. Сол жекпе-жекте Қазақстанның өкілі екінші раундта америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, бір жылдан астам уақыт бойы созылған үзілісін аяқтады. Сонымен қатар, бұл Иванның 2019 жылдан кейін АҚШ-та өткізген алғашқы жекпе-жегі болған еді.
Танымал жаңалықтар