locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қытай боксшысы қазақстандықты мерзімінен бұрын жеңді

Қытай боксшысы қазақстандықты мерзімінен бұрын жеңді
ФОТО: r12_boxing

Чэнду қаласында (Қытай) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі Ликван Ванг (ҚХР) пен қазақстандық Богдан Утегенов арасында өтті.

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен кездесу сегіз раундқа жоспарланған болатын. Алайда алтыншы раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, жергілікті спортшының техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.

Осылайша, Вангтың еншісінде енді тоғыз жеңіс пен екі жеңіліс бар. Ал Утегеновтың көрсеткіші теңесті – үш жеңіс пен үш жеңіліс. Айта кету керек, Богдан екі рет мерзімінен бұрын жеңілген, ал нокаутпен тек бір рет жеңіске жеткен.

Айта кетейік, келесі айқасын Талғат Шайкен өткізеді – ол рингке алтыншы маусым күні оралады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie