Ирандық боксшы Юсеф Имани соққы жылдамдығы бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты
Ирандық боксшы Юсеф Имани бір минут ішінде ең көп соққы жасаудан Гиннесс рекордын жаңартты.
Бұл керемет жетістіктің видеосы Гиннесс рекордтар кітабының баспасөз қызметі арқылы жарияланып, 16 сағат ішінде миллионнан астам қаралым жинады. Роликте Имани бір минут ішінде арнайы жастыққа 449 рет жұдырықпен соққы жасағаны көрінеді.
Айта кету керек, Имани бұл рекордты бұрын да жаңартқан болатын — 2021 жылы ол бір минутта 403 соққы жасаған, ал қазір өз жетістігін тағы да асырды. Сол кезде-ақ БАҚ оны әлемдегі ең жылдам боксшы деп атаған еді.
“Мен өз жылдамдығымды бапкерлерім мен қарсыластарымның арқасында аштым, ал рекордтар әлеміне шынымды айтсам, кездейсоқ кірдім”, — деп бөлісті боксшы 2022 жылы берген сұхбатында.
Бұл жетістік 2024 жылдың қаңтарында Иранның Киш аралында тіркелген, бірақ ол ресми түрде енді ғана жарияланды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20