locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Инсайдер Головкин мен Кроуфорд арасындағы болуы мүмкін жекпе-жекке баға берді

Инсайдер Головкин мен Кроуфорд арасындағы болуы мүмкін жекпе-жекке баға берді

Инсайдер Рик Глейзер орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен екі салмақтағы белбеу иегері Теренс Кроуфорд арасындағы болуы мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

"Иа, бұл орын алуы мүмкін", – дейді инсайдер деп хабарлайды Sports.kz.

Бұған дейін BOXRAW Х-аккаунты Головкин Кроуфордтан жекпе-жек өткізу бойынша ұсыныс алды деп хабарлаған еді. Жекпе-жек Сауд Арабиясында өтуі мүмкін.

Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылы күзде Сауль Альвареске қарсы өткізді. Содан бері шаршы алаңға шықпады, бірақ жақсы ұсыныс түссе шаршы алаңға оралуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазіргі таңда Головкин Қазақстан ҰОК президенті қызметін атқаруда.