Иман Хелиф: Менің басты мақсатым – 2028 жылы екінші алтын медальді жеңіп алу


Парижде (Франция) өткен XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 66 келіде чемпион атанған, алжирлік Иман Хелиф 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада алдында салмақ дәрежесін өзгертуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Менің басты мақсатым – 2028 жылы екінші алтын медальді жеңіп алу. Сондай-ақ кәсіби деңгейге дайындық. Бәрін мінсіз жасағым келеді және Парижге қарағанда Лос-Анджелеске әлдеқайда жақсы формада барғым келеді.
Маған 70 келі салмақ дәрежесіне көтерілуге тура келеді. Қазіргі таңда жаңа дивизионға бейімделу үшін командаммен жұмыс істеп жатырмын», – деп келтіреді Хелифтің сөзін Marca басылымы.
Хелифтің Олимпиадаға қатысуы кейбір қарсыластары мен жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Алжирлік боксшы қызға трансгендер деген айып тағылып, боксшының басы дауға қалған еді.

Футбол
Бүгін 06:03
