Иман Хелиф кәсіби боксқа ауысуды жоспарлап отыр
Бокс
16 сәу 2025 07:30

Наурызбай Қанатұлы

Фото: gettyimages
Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, алжирлік Иман Хелиф Иман Хелиф кәсіби боксқа ауысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Париж Олимпиадасының чемпионы енді кәсіби рингте бағын сынап көрмек. Хелиф қазіргі уақытта 2028 жылғы Олимпиадаға дайындалып жатқанын айтады. Алайда сонымен қатар ол кәсіби спортқа ауысуға бел буған.
«Қазір мен физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да бабымда болғым келеді. Келесі Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындықпен баруым қажет. Кәсіби боксқа өту үшін ұсыныстар мен келісімшарттарды күтіп отырмын», - деді спортшы.
Иман Хелифтің айтуынша, Олимпиада кезіндегі даулы жайт оған ерекше мотивация берген.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 06:03

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек