locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Иман Хелиф: Бұл маған да, отбасым үшін де үлкен соққы болды

Бокс 23 нау 2025 03:50
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Иман Хелиф: Бұл маған да, отбасым үшін де үлкен соққы болды
Фото: gettyimages

2024 жылғы Олимпиада чемпионы Иман Хелиф Париждегі ойындар кезінде қоғам тарапынан болған сынның өз отбасы мен психикасына қалай әсер еткені туралы айтты.

«Бұл маған да, отбасым үшін де үлкен соққы болды. Әсіресе анама қатты әсер етті. Ол күнде ауруханаға баратын жағдайға жетті. Басқа туыстарыма да ауыр тиді, тіпті бүкіл Алжир белгілі бір деңгейде бұл қысымды сезінді деп айта аламын. Ал мұның бәрі түптеп келгенде отбасым мен психикама кері әсер етті», — деді Хелиф.

Естеріңізде болса, 2024 жылдың соңында француз журналисі Джаффар Айт Аудиа боксшы қыздың 2023 жылы өткен гендерлік тестінің нәтижелерін жариялады. Медициналық қорытындыға сәйкес, Хелифтің жатыры мен аналық безінің жоқтығы анықталған.

Алжирлік боксшы қыз жақында ғана өзінің атағын 2028 жылы Лос-Анджелестегі ойындарда қорғағысы келетінін айтты.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie