locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хасанбой Дусматов:"Қазақстандық боксшылар тек өз елдерінде ғана жаттығатынын жақсы білемін"

ФОТО:  sports.uz

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов Париждегі Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылардың сәтсіздіктері туралы өз пікірін білдірді.

Өзбек боксшысы қазақстандықтардың дайындықтарын жаттығуларын көрмей бағалай алмайтынын және қазақстандық боксшылардың тек өз елдерінде жаттығатынын атап өтті.

“Бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Олардың жаттығуларын немесе дайындықтарын көрмегендіктен, өнерлеріне баға бере алмаймын. Бірақ қазақстандық боксшылар тек өз елдерінде ғана жаттығатынын жақсы білемін. Ал біз турнирлерді жақсы және жаман деп таңдамаймыз, Тәжірбие жинау үшін бізді қайда шақырса, сол жаққа барамыз. Болгариядағы турнирде Қазақстан екінші құрамын әкелгені есімде”, – деді ол.

Қазақстандықтар Олимпиадада тек бір Нұрбек Оралбайдың күміс жүлдесіне ғана қана,аттанды. Ал өзбек спортшылары бес алтын медальмен елдеріне оралды.

Айта кетейік, біз бұған дейін Жалоловтың Дычкомен жекпе-жегі туралы пікірін жариялаған болатынбыз.